- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бурабайда екі көлік...
Бурабайда екі көлік бұланға соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті
Ақмола облысында екі көлік бұланға соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Астана-Петропавл тасжолының Бурабай аумағында болған. Түн ішінде тасжолды кесіп өтпек болған жануар алдымен Аudi көлігіне соқтығысып, кейін жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Prado-ның астына түскен. Оқиға салдарынан жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізіліпті.
Жыл басынан бері Ақмола облысында осындай 8 жол апаты тіркеліп, 9 жолаушы жарақаттанып, бір адам қайтыс болған.
"Аudi көлігінің жүргізушісі Астана қаласына қарай бара жатып, бұланмен соқтығысқан. Осыдан кейін қисық сызықты аралықтан секірген бұлан Toyota Prado маркалы автокөлігіне соғылған. Оқиға салдарынан Toyota автокөлігінің жолаушысы емдеу мекемесіне жүгінді", - деді Ақмола облыстық ПД жетекші маманы Әлия Біләлова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова