- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бурабай" ұлттық табиғи...
"Бурабай" ұлттық табиғи паркінде сілеусін видеоға түсіп қалды
"Бурабай" ұлттық табиғи паркінде сілеусін видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Instagram-парақшасында пайда болды.
Жақында "Бурабай" орман шаруашылығының инспекторы Әділхан Шәймерденов сілеусінді кезіктірді. Қызметкер жануарды камераға түсіріп үлгерген.
"Кешқұрым жұмыстан қайтып келе жатыр едім. Терісінің түсі топырақпен және өсімдіктермен астасып, көзге әрең көрінсе де байқап қалғаныма өзім де таңғалдым. Телефонымды қосып үлгердім, ол да бір-екі секундта жалт бұрылып, қалың ағаштың ішіне қарғып кіріп кетті. Керемет жылдам екен", - дейді орманшы.
Сілеусін - өте сирек кездесетін, аса сақ, түнде ғана жортатын аң.
"Бурабай" ұлттық паркі - сілеусіндер үшін өсіп-өнуге ыңғайлы мекен. Мұнда 2021 жылы бар-жоғы 9 сілеусін болса, екі жыл ішінде 39-ға жетіп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек