Бурабай курорттық аймағында автотұрақтар ақылы болады

Бурабай курорттық аймағында автотұрақтар ақылы болады
Фото: burabaydamu.qr-pib.kz

1 қарашадан бастап Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан саябағында автотұрақтар ақылы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Burabai Damu туроператорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кейінгі кездері туристер мультимедиялық кешен маңындағы тұрақта көліктерін ұзақ уақытқа қалдырып, ретсіз тұрақтар пайда болып жатыр. Бұл қозғалысты тежеп, басқа демалушылардың жайлылығына кесірін тигізеді. Бұл мәселені шешу үшін ақылы тұрақты енгізу қажетті шара болды. Ақылы тұрақтар қысқамерзімді тұрақ қажет ететіндер үшін орындарды қамтамасыз етуге көмектеседі", - делінген хабарламада.

Тұрақ құрылысы бюджет қаражатынсыз, мемлекет пен жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды.

Тұрақтан түскен барлық қаражат курортты және Абылай хан алаңының аумағын дамытуға: туристік іс-шараларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және туристік орындарды абаттандыруға жұмсалады.

Тұрақтың алғашқы 10 минуты барлық көліктер үшін тегін болады, ал одан кейін әр сағаты үшін 150 теңге төленеді. Тұрақ тәулік бойы жұмыс істеп, қонақтар үшін кез келген уақытта қолайлы болмақ. Алаңда сонымен қатар тегін тұрақ аймағы да бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан