27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша "Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілерін қылмыстық бақылауға алмақ болған.
Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ, есірткі заттары алынды.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз