Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ аясында Бурабай ауданының прокуратурасы Бурабай кенті әкімінің Әдеп кодексін бұзғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында Бурабай кентінің әкімі кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен.
Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіден тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындады.
Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесі қозғалған тәртіптік іс бойынша аудан әкімі Бурабай кентінің әкіміне "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолдануы ұсынылды.
Аудан әкімінің өкімімен Бурабай кентінің әкіміне жоғарыда аталған тәртіптік жаза қолданылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!