- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Буллингті қалай тоқтатамыз?...
Буллингті қалай тоқтатамыз? Заңгер кеңесі
Адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің инстаграм парақшасында балаңыз буллинг құрбанына айналса, не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Буллинг - біреуді үнемі қорлау, ренжіту, қорқыту.
"Бір бала бүтін елмен тең. Сондықтан балаға өз құқығын қорғап, өзгенің құқығын таптамауды үйретіп, еркін, қауіпсіз қоғамды өзіміз қалыптастыруымыз керек.
Мектепте адам құқықтары тек теориялық тұрғыда үйретіледі. Балалар арызды қалай жазуға болатынын, көшеде полиция тоқтатса, мектепте жүргенде қалтаңды, сөмкеңді көрсетуді сұраса, не істеу керек екенін білмейді. Мұның бәрі баланың құқығы және ол жиі бұзылады. Өйткені балалар өзін қалай қорғау керегін білмейді. Балалар алдымен өз құқығын білсе, құқықбұзушылық та азаятын еді", - деп жазды маман.
Заңгер балаңыз буллингке ұшыраған жағдайда не істеу керегін айтты.
"Егер бала сыныпта қысым көрген болса, алдымен сыныптастарының ата-анасымен сөйлесу керек. Бала құқығы – талқыға түсуге міндетті тақырып. Сондықтан ортақ жиналыста емес, әр ата-анамен жеке-жеке сөйлесу маңызды. Әрекетіңіз нәтижесіз болса, онда сынып жетекшісі, мектеп директоры, психолог, учаскелік полиция қызметкерін де бұған араластыру керек. Сонымен қатар "150", "111" сенім телефонына хабарласа аласыздар", - дейді заңгер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Балаңыздың қатарластары тарапынан буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?
Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектепте не болып жатқанын ата-анасына айтуға қорқады. Сондықтан кез келген ата-ана баланың буллингтен зардап шеккенін байқауы керек. Қысым көрген баланың мінез-құлығында мынадай өзгерістер болуы мүмкін:
– өзінен кіші балалар мен жануарларға агрессиямен қарау;
– ұйқы немесе тамақтану режимінің бұзылуы;
– концентрацияның жоғалуы;
– тез шаршау;
– тыныштықта көп болу;
– реніш;
– өзгеден оқшаулану.
Қысымға ұшыраған балаға қалай көмектесе аласыз? Толығырақ мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова