- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жын шығару
Бүлдіршіннің ішінен “жын шығарған“ атыраулық емші жазаға тартылады

Бес жастағы бүлдіршіннің ішінен "жын шығарған" атыраулық емші Кейқуат Оспанов әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түскен жоқ. Қазір оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр", - деп қысқа қайырды прокуратура өкілі.
Еске салайық, желіде 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқан видео тараған болатын. Онда жерде қолы байлаулы жатқан қызды екі адам ұстап тұрғанын көруге болады.
Бұған қоса, видеоны Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тексеріп жатқаны айтылған.
"Емші кәмелетке толмаған балаға рәсім жасаған бейнежазбаға қатысты: аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр", - деді Зәкиева.
Аталған мәселе қоғамда ғана емес, дін саласының сарапшыларының да талқысына түскен еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет