- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұлбұл құссың деп...
"Бұлбұл құссың деп жатады". Әнші Нұржан Қалжан неліктен көрінбей кеткенін айтты
Әнші Нұржан Қалжан сахнадан не себепті көрінбей кеткенін айтты. Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші сахнадан кетсе де, тойдан кетпегенін жеткізді.
"Көзден кетсең, көңілден кетесің дейді ғой. Көңілден, көзден кетпей тұру керек. Халыққа сенің жұмыс істеп жатқаныңды, ән жазғанмен хит болмай жатқанын түсіндіре алмайсың ғой. Сондықтан жұмысты тоқтатпай істей беру керек. Тойдан қалмай жатырмыз ғой. Әр әншінің өзінің тыңдарманы бар. Хиті жоқ екен деп, тойға шақырмай қойып жатқан жоқ" , - дейді ол.
Әншінің айтуынша, кей кездері тойдағы қонақтар өнер иесін танымай жатады екен.
"Мысалы мен тойға барсам, үлкен қауым бар. Орта буыннан жоғарылардың барлығы кейде атымды ұмытып, "Бұлбұл құссың ғой" деп жатады. Шығармашылықтан сәл алыстағаным әйеліміз екеуміз кішігірім кәсіп бастадық. Дегенмен ән жазуды тоқтатқан емеспін жәй ғана хит болмай жатыр" , - дейді Нұржан Қалжан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы