- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл тағдырға көндіккен...
"Бұл тағдырға көндіккен едім". Өмірқұл Айниязов өміріне ерекше құбылыс болған оқиғаны айтты
Әнші Өмірқұл Айниязов ұлының артынан жалғасқан балаларының өміріне ерекше құбылыс болғанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, Айсезім дүниеге келмей тұрып, 20 жыл жалғыз баламен жүрген.
"Бұл тағдырға көндіккен едім. Екінші әйел алу, ажырасу, басқа өмір сүру деген сияқты түрлі ойлардың бәрі келіп, күйзеліске түсіп, миым осы бір баланың баласын бағып, сондай тағдырға көндіккен едім. Сөйтіп жүргенде Алланың берері бар екен. Оның өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл - мүлдем менің өмірімдегі ерекше құбылыс болды. Алланың өзінің дегені болады. Нұртуған үйленемін деген кезде бізде бұл балаға жоспар болмаған.
Сондықтан мен Нұртуғанмен тұрамыз дегенбіз. Келінге де соны айттық. Бірақ мына жаңалықтан кейін жоспар өзгеріп жатыр. 2-3 жылдан соң қазақтың ырымымен бөлек шығарып, еншісін беруге дайынбыз", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы