- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл не сұрақ?"...
"Бұл не сұрақ?" Головкин "Канелоның" чемпиондығын тартып алу туралы
Орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альварестің белбеулері ол үшін еш маңызы жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мексикалық боксшы - суперорта дивизионда абсолют чемпион. Ал трилогияда тек Альварестің титулдары сарапқа салынады.
- Егер Альваресті жеңсеңіз, екінші орта салмақтағы барлық белбеуді иеленесіз. Карьераңыз үшін бұл қаншалықты маңызды?
- Мүлде маңызды емес.
- Мұраңызды қалдыру үшін қандай жетістікке жеткіңіз келеді?
- Менде мұра жеткілікті. Ештеңеге қол жеткізуге тырысып жүрген жоқпын. "Жетістікке жету" деген не сұрақ? Мен тек бокс көрсетіп жүрмін.
Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл осы аренада өткен болатын. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.
Г. Досымшалова