- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қолдау білдіру
“Бұл - “соғыс!“ Дана Нұржігіт Жұлдыз Әбдікәрімоваға жазба арнады

Белгілі журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистің айтуынша, адам ашынғанда ғана соңына дейін барады, ол сондықтан Жұлдыздың бұл шешімін қолдайтынын жазды.
"Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулықты да берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл - "соғыс!". Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды! Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының аузынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол - балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің! Неге балаларыңмен далада қалуың керек екен?! Неге ол сенің денсаулығың, кәсібің мен берекеңді алған иттігі үшін жауап бермеуі керек?! Өтесін! Қайтарсын! Адвокатың да мықты болсын! Мен сен жақпын, жаным! Балаларымыз бірге оқиды. Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен, ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл - сынақ. Бір бол!
Құшақтап, сүйдім сені, сіңлім!" - деп жазды ол.
Еске салайық, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалғанын айтты.
Алаяқтық жасаған компаниямен соттасқан танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліп қалған еді. Өнер иесі сот шешімімен келіспейтінін білдірді.
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтеріне қатысты даулы жағдайға пікір білдірді.
Кейін актриса осы күйзелістерден соң денсаулығы сыр беріп, ауруханада ем алып жатқанын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә