Президент Бас прокуратурада жиын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының пікірінше, құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай.
"Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытып жатыр. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеп жатыр. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл - басқа сөзбен айтқанда нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс", - деді Тоқаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз