Катардағы әлем чемпионатында Хорватия жанкүйері - модель Ивана Кноллдың себебінен кезекті жанжал туындады. Катарлық фанаттар хорватиялық модель Ивана Кноллды жартылай жалаңаш киімдері үшін жазалауды өтінді. Хорватия аруы-2016 матчке алды ашық және денеге қатты жабысып тұратын көйлекпен келді. Әлеуметтік желілерде оның ашық киінуі қызу талқыланды.
Ал модель болса, Катардағы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларына деген наразылығын білдірді.
"Мен тарихтағы ең нашар ұйымдастырушылар себебінен әлем чемпионатына бара алмай жатқан адамдарға жаным ашиды. Менің жолым болды және мен Хорватия құрамасын қолдай аламын. Көпшіліктің Катарға неге келгісі келмегені енді түсінікті болды. Бұл цирк", - деді Ивана.
Алайда хорватиялық модельдің сыртқы келбеті көпшілікке ұнай қоймады. Катардың көптеген тұрғыны Ивананың матчке келуіне тыйым салуға және "жалаңаш түрі" үшін оны қамауға алуға шақырды:
"Басқа елдің мәдениетін құрметтемеу үшін кім болу керек?"
"Оны қамауға алу керек. Келесіде білетін болады"
"Бұл саған Еуропа емес. Басқа адамдарды құрметтеу керек"