- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Бұл өзгермейді“. Макрон...
“Бұл өзгермейді“. Макрон Дуровтың қамауға алынғанына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Франция президенті Эмманюэль Макрон "ВКонтакте" мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың қамауға алынғаны туралы алғаш рет пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Макрон X әлеуметтік желісінде жазба жазып, кәсіпкерді қамауға алу саяси шешім емес екенін айтты.
"Павел Дуровтың қамауға алынуына байланысты Франция туралы жалған ақпаратты оқып жатырмын. Франция сөз және коммуникация бостандығын, инновация мен кәсіпкерлік рухты бәрінен де жоғары бағалайды. Бұл өзгермейді (...) Telegram басшысы Франция аумағында сот тергеуі аясында қамауға алынды. Бұл саяси шешім емес. Судьялар шешім шығаруға тиіс", - деп жазды Эмманюэль Макрон.
Саясаткер құқықтық мемлекетте әлеуметтік желілерде де, былайғы өмірде де бостандық азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын сақтау үшін заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылатынын айтты. Заңның орындалуын қамтамасыз ету – тәуелсіз сот жүйесінің құзыреті.
Еске салайық, 24 тамызда Париж әуежайында француз барлау қызметі ВКонтакте желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты ұстаған еді.
Кейінірек Ресей дипломаттары Дуров өкілдерінің Ресей елшілігіне жүгінбегеніне қарамастан, іс бойынша жұмысты бастап кетті.
Мемлекеттік думаның вице-спикері Владислав Даванков Ресей СІМ басшысына Дуровты босату туралы өтініш білдірді.
Ал Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бұған қатысты пікір білдіріп, Павел Дуров пен Telegram командасын қолдады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан