Танымал әншілер Нұрлан мен Мұрат "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында автобиографиялық фильм түсірілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Топтың құрылғанына биыл 25 жыл толды. Бұған қатысты өнер иелері мерейтойға фильм түсірілетінін бөлісті.
"Осы 25 жылдықтың аясында біздің жоспарымызда бар нәрсе. Оған бәрін дайындау керек. Әлі тыпырлап, ойланып жатырмыз. Оңай нәрсе емес. Ол музыкалық мелодрама сияқты болады. Арасында оқиғалар да, қызықтар да, қиындықтар да бар. Оның бәрі езіліп көрсетілмейді. Бұл ой бұрыннан бар. Ол кезде кино түсіру ерте сияқты болды. Енді, міне, 25 жылдық тарихы бар топқа түсіруге болады", - дейді әншілер.
Сондай-ақ, өнер иелері "Жаулап алды махаббат" әнінің шығу тарихын айтты.
"Нұрлан мен Мұрат рэп әндерді орындау керек деп продюсеріміз талап қойды. Сол кезде Бейбіт Қорған айтып жүрген. Сөйтіп Бейбіт Қорғанмен келісіп, одан алдық. Тарихы қатты экшнға толы емес", - дейді олар.
Айта кетейік, "Нұрлан мен Мұрат" тобы 1996 жылы Атырауда құрылған. Олар алғаш рет қазақша рэп айтқан. Қоржындарында "Махаббат", "Лейла", "Жұлдызым" секілді танымал әндері бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!