"Бұл өте қорқынышты". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қысым көріп жатқанын мәлімдеді

"Бұл өте қорқынышты". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қысым көріп жатқанын мәлімдеді
Фото: instagram.com/nazymkakharman

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назым Қаһарман өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.  

"Ол Бақытжанды аяғынан шалып отыр! Сот отырысында. Бүкіл елдің алдында оған қысым жасап жатыр. Жалғыз оған ғана емес, маған да қысым көрсетіп жатыр. Өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Бишімбаевтан бөлек отырғызады деп үміттенемін", - деп жазған ол.

Сонымен қатар, ол 3 сәуірде өткен кезекті сот отырысында Бишімбаевтың жауабына қатысты пікір білдірді. 

"Сұмдық. Байғұс қыз. Оны бірнеше сағат, ай бойы қорлаған, ал соңында... Классика! Бәріне өзі кінәлі, бәріне өзі",- деп жазған ол.

Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Байжанов Бишімбаевқа қатысты сот отырысында өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, бөлек отырғысы келетінін мәлімдегені хабарланған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә