Танымал журналист Динара Сәтжан отбасының басына түскен ауыр қайғы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Рашид Ағам өмірден озды… Өте мейрімді таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңа-Арқада біз апам үшеуіміз НЛО көргенбіз. Рас айтам. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр…" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары оған көңіл айтты.
"Арты қайырлы болсын", "Алла рахымына алсын... Динара, қайғыңа ортақпын", "Өкінішті, жаны жәннатта болсын!", "Иманды болсын!" - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!