- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұл нәрселерді тек...
Бұл нәрселерді тек шашы ұзын қыздар түсінеді
Көпшілік шашы ұзын қыздарға қызыға қарайды. Алайда олар қандай проблемалармен жиі қиналады?
Айналаның бәрі шаш
Шашы ұзын қыздар әдетте оны тарағанда, фенмен кептіргенде және күтім құралдарын жаққанда шаштың көп түскенін байқайды. Олар үйлерінде түскен шашты еденнен, төсектен, тарақтан, жұмыс үстелінен көріп қалады. Мұндай жағдайды болдырмас үшін күнде шашыңызды бір жерде тарап, болған соң бірден сол жердегі шашты жинап алуға тырысыңыз. Сондай-ақ үйдің ішінде шашыңызды бос етіп өріп қоюға тырысыңыз.
Бастың ауыруы
Шашы ұзын қыздар бас ауыруымен жиі қиналады. Себебі ұзын шашты жоғарыға түйгенде, қатты қысып буғанда және басқа да шаш үлгісін жасағанда ол басқа ауырлық береді де, содан бас ауырады.
Желді күні шаштың жылдам ұйысып қалуы
Ұзын шаш желді күні жылдам ұйысады және ластанады. Бұл шашыңызды күтімсіз етіп көрсетеді. Одан кейін оны тарау да қиынға соғады, ол басыңызды ауыртуы мүмкін. Сондықтан сөмкеңізге ұйысқанды жылдам кетіретін спрей салып жүріңіз.
Ұзын шаш түрлі күтім құралдарын қажет етеді
Ұзын шаш күтімді көбірек қажет етеді. Ұзын шашыңыз күтімді және әдемі көріну үшін қоректік майлар және жылдам ұшталмас үшін крем-спрейлер керек болуы мүмкін. Сусабын, бальзам, маска – базалық құралдар. Сондай-ақ ұзын шаш тегіс әрі жалтыр болуы үшін салондық процедуалар қажет болуы мүмкін.
Шашты күніне бірнеше рет жинау
Шашыңызды резеңкемен буып шығуыңыз мүмкін, бір кезде одан желкеңіз ауырып кетеді де, шашты жіберіп қоясыз. Бірақ шашыңызды жіберіп тағы ұзақ жүре алмайсыз, ол көп нәрсеге кедергі келтіреді, содан оны қыстырғышпен қыстырып қоясыз. Бірақ кешке қарай басыңыз ауыра бастағасын оны қайтадан жібересіз.
Сондықтан шашыңызды өсіремін деп шешсеңіз, алдымен мүмкін қиындықтарға дайын болыңыз.
Оқи отырыңыз: Шаш күтіміне арналған түнгі маскалар
А. Жапатова