- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл менің түсім...
"Бұл менің түсім бе?" Төреғали Төреәлінің қарындасы 60 жастағы жалғызбасты анаға пәтер сыйлады
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі 60 жастағы жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің қарындасы әлеуметтік желідегі парақшасына тіркелген оқырмандарынан қайырымдылық мақсатында ақша жинады. Қорға 10 сағатта 20 миллион теңге жиналған.
"Алла қалауымен оқырмандармен бірге Назира ханымға үй сыйладық! Ешқашан өзінің баспанасы болмаған екен, 60 жасқа толған шағында Алла бұйыртып тұр.
Барлығы расында аяқ-асты болып кетті. Рамазан айында бір күнімізді сыртқа шығып мұқтаж жандарға көмек берейік деген ой болды. Дархан бірден біздің үйдегі күзет болып жұмыс жасайтын Назира ханымды есіне түсірді. Алла ойына салды ғой. Алдыңғы рилста көргендеріңіздей көмек бердік ақшалай. Содан кейін оқырмандарым осы кісіге үй алуға ақша жинайықшы деп ұсыныс білдірді. Міне, 10 сағат ішінде 20 млн жиналып бірден бүгін үй алып табыстадық. Тым болмаса екі күнде он миллион жиналса екен деп ойлап едік, Алланың құдыретін қараңыздаршы..
Бұл кісі әлі сене алмай жүр, "өз үйім ешқашан болмаған, бұл түсім бе" деп қояды. Бір отбасыға қандай қуаныш сыйладық, оқырмандар. Алла қабыл етсін! Әлемде жақсы адамдар көп!" - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Екеуі де күтпеді". Фариза Төреәлі ата-анасына тосын сый жасағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Логопед болу үшін ҰБТ-да таңдау пәні қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә