Қазақстанда бизнеске салық жүктемесін азайту керегі көптен бері айтылып келеді, бірақ жыл сайын жағдай нашарлап бара жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bes.media-ға сілтеме жасап.
Бірнеше жылдарға созылып, әлемді түгел жайлаған коронавирус індетінен соң бизнестің жағдайы нашарлап, бас көтере алмай қалды, сондай-ақ, геосаяси жағдайдың қиындығы да өз әсерін тигізіп жатыр. Бұған қоса, салық жүктемесі де алқымнан алып, тынысты тарылта түсті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында арнайы атап өткен болатын:
"Менің түсінуімше, Қаржы министрлігі былтырғы кірістер жоспарының орындалуын биылғы салықтар есебінен қамтамасыз етті. 600 миллиард теңгеге ҚҚС қайтару тоқтатылды. Сонда бюджеттік мәселелер бизнестен айналым қаражатын алу есебінен шешілген болып тұр".
Салық кодексі үнемі түзетулермен толықтырылып отырады, нәтижесінде ол бизнес үшін түсініксіз болып қалды. Үкіметте әзірленіп жатқан жаңа кодекскті қабылдау қажеттілігі туындап тұр. Президент инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау мен бюджет түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету арасында тепе-теңдік болуын атап айтты.
Кәсіпкерлер мен сарапшылар қазіргі салық салуды күрделі және болашағы жоқ деп есептейді. Салықтармен бизнестің тынысын тарылтатын мұндай жағдайдың қалыптасуына не себеп болды және екі тараптың да - мемлекет пен кәсіпкерліктің көңілінен шығатын модельді қалай құруға болады?
"Бес жылдың ішінде ешқашан пайда көрмедім"
Ақпанның басында әлеуметтік желілерде бизнесмен Алмас Сетербаевтың "Бұл Қазақстанда тиімсіз" деген ролигі тарады. Видеода бал өндіруші кәсіпкер үлкен салық жүктемесінің салдарынан өндірісін мәжбүрлі түрде жапқаны туралы айтады.
"Бал маркасы" бренді бал алкогольдік өнімін шығарады. "Global Invest International" ЖШС директоры Алмас Сетербаевтың айтуынша, оның компаниясы - Қазақстандағы балды терең өңдеумен айналысатын және өнімді өз шикізатынан дайындайтын жалғыз өндіріс орны. Суды артезиан ұңғымасынан, балды өз омартасынан өндірсе, лимонды Украинка ауылындағы жылыжайда өсіреді. Өндіріс орны Қазақстанның шығысындағы Ушаново ауылында орналасқан. Мұнда тек ауыл тұрғындары ғана жұмыс істейді.
"Өнімді шығармас бұрын біз салықтың екі түрін төлеуіміз керек: акцизді және литр салығы. Біз тауар өндірушілер ретінде сату үшін жұмыс істейміз. Қоймамдағы тауарым кетіп қалды, ол оның ақшасын әлі алмадым, қашан алатыным да белгісіз. Бірақ мен акцизді және литр салығын, сондай-ақ6 12 пайыз ҚҚС бірден төлеуім керек. Салық комитеті бұл қосарланған салық емес, жанама салық дейді. Бірақ іс жүзінде олай емес. Шындығына келгенде, өнім сатылған жоқ. Ол әлі сөрелерде жатыр. Бір жылдан кейін сатылуы мүмкін. Маған қайта айналып келуі де мүмкін. Ал салықты бірден төлеу керек. Бес жылдың ішінде ешқандай пайда көрмедім", - дейді Алмас Сетербаев.
Бес жыл ішінде бизнесмен өз ісіне 400 миллион теңге салып, 66 миллион теңге салық төледі, бірақ еш пайда көрмеді. Фирма салықтық жеңілдіктер мен демалыс алған жоқ. Қазір "Бал маркасы" жабылудың алдында тұр. Банктер бизнеске жеңілдетілген несие беруден бас тартты. Алмас Сетербаев штаттың 90 пайызға жуығын қысқартты және қалған тауарын қоймадан сатып жатыр.
"Қайда барсам да, дүкен немесе мейрамхана болса, көмектесер едік дейді. Сонда бір жерден алып, екінші жерге сату қаржыландырылады да, өндірушілер қаржыландырылмайды екен. Мемлекеттің көмек деп атайтын нәрсесі - бұл өндірушілердің жәрмеңкелерін ұйымдастыру. Біз, әрине, жәрмеңкеге шығамыз, бірақ өз қаражатымызбен. Барып, сол жерде тұрып өнімдерімізді сатамыз. Басқа не істеуіміз керек? Біз амалсыздан тауарымызды сату үшін барамыз. Егер өз дүкенім мен сөрелерім болса, біз бармас едік. Бірақ оны ұйымдастыруға айналым қаражатым жоқ", - деп түсіндірді фирма директоры.
Оның айтуынша, отандық шарап өндірушілер оны басқа елдерден әкелген импорттаушыларға қарағанда көбірек салық төлейді. Сонымен қатар, ресейлік, беларустық және шетелдік тауарлар қазақстандық дүкендердегі сөрелерді сатып алады.
"Барлығы өз өндірушілерін қорғайды және өз нарығына басқаларды кіргізбейді. Олардың реттеуге мүмкіндік беретін өздерінің заңнамалық актілері бар. Салықтық жеңілдіктер бар, өндірісті қолдау көп. Өндірушілер аяққа тұру үшін Беларусь еліндегідей заң қажет. Онда сөрелерде 95 пайыз отандық және 5 пайыз импортталған тауар болуы керек. Егер біздің елімізде 50/50 деп белгіленген заң болса, өндіріс екі жылдың ішінде көтерілер еді", - дейді Алмас Сетербаев зор сеніммен.
"Мен бәрінің де салық төлегенін қолдаймын, бірақ ол ақылға қонымды болуы керек"
"Studio 31" интерьер дизайны студиясының иесі Марта Хайбулина қызметкерлерді сақтандыру саясатын қайта қарауды қолдайды.
"Мен бәрінің де салық төлегенін қолдаймын, бірақ ол ақылға қонымды болуы керек. Жұмыс берушінің есебінен төленетін міндетті зейнетақы жарналары қазір 1,5 пайыз құрайды. Алдағы уақытта оны 5 пайыз-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Оның үстіне қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру тағы бар. Жұмыс беруші денсаулықты сақтандыруды өз есебінен төлегені аз болғандай, егер штатта 1-ден 10 адамға дейін болса, жазатайым оқиғалардан сақтандыру үшін жылына 85 000 төлейді. Санаттарды анықтау керек, өйткені менің қызметкерлерім қауіпті өндірісте емес, көбінесе үйден жұмыс істейді. Мұның бәрі сақтандыру компанияларының мүдделерін қолдау сияқты", - деді ол.
Кәсіпкерлер өздері төлейтін салықтар үшін мемлекеттен қандай да бір бонустар алса жақсы болар еді, деп қосты дизайнер. Мысалы, айналым қаражатын толықтыруға демеуқаржы берсе дейді. Оның пікірінше, қолданыстағы ҚҚС төмендетілуі немесе икемді болуы керек, өйткені мемлекет инфляциямен тиімді күресе алмайды.
"Еуропаның өзінде, егер мемлекет бағаны ұстап тұра алмаса, ол салықты азайтады немесе қайта есептейді. Мысалы, өнімдердің бағасы арзандайды. Бизнесті субсидиялауға болады, өйткені банктердегі кез келген бизнеске берілетін несиелерінің пайызы өте жоғары - 25-тен 40 пайызға дейін. Мұны реттеу керек. Пайыздық мөлшерлемені 15 пайызға дейін шектеу жасаса, бұл жұмыс үшін несие алуға мәжбүр көптеген адамдардың өмірін жеңілдетері сөзсіз", - деді Марта Хайбулина.
ШОБ-ты қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін қажетті қағаздардың барлығын жинап қана қоймай, адамдардың белгілі бір санатына тиесілі болуы керек. Салықтармен, қызметкерлер үшін төленетін қосымша төлемдермен және күрделі несиелермен бірге бизнесте қалып, әрі қарай жүргізу қиын.
Салық есептілігі арта түсті
BSR зерттеу тобының және оның директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Мадияр Кенжеболаттың деректері бойынша, 2005 жылдан бастап Қазақстандағы ШОБ-тың жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) номиналды мәнде 45,6 еседен астам - 2005 жылғы 798 миллиард теңгеден 2022 жылы 36,4 триллион теңгеге дейін ұлғайды. ЖІӨ қатысты ШОБ жалпы қосылған құны 3,5 есе -2005 жылы 10,5 пайыздан 2022 жылы 35,1 пайызға дейін өсті.
Бұл ретте кейінгі жылдары ЖІӨ құрылымындағы орта кәсіпкерлік үлесінің 2013 жылғы 10,3 пайыздан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 6,9 пайыз-ға дейін қысқаруы байқалды. Мұның бір себебі - салық жүктемесінің шамадан тыс болуы.
2013 жылдан 2023 жылға дейін салық есептілігінің негізгі нысандарындағы өзгерістерді және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бағалау құжаттардың айтарлықтай өскенін көрсетті:
Қысқасы, бұдан ештеңе оңай болған жоқ.
2022 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің құрылымында ШОБ үлесі 2022 жылы шамамен 3,5 триллион теңгені (барлық салық түсімдерінің 19 пайыз) құрады. Салыстыру үшін, тек "Теңізшевройл" (мұнай-газ компаниясы) 2022 жылы 4,6 триллион теңгеге жуық салық төледі, барлық ШОБ төлеген салықтың мөлшерінен артық. Шағын кәсіпкерлікке (жалдамалы жұмыскерлері жоқ ЖК) келетін болсақ, оның соңғы жылдары қарқынды өсуіне қарамастан, ҚР МКК деректеріне сәйкес, салық түсімдері небәрі 1,3 триллион теңге болды.
Шағын және орта бизнеске салық салудың басты міндеті бюджетке артық пайда табу емес, көлеңкеден шығу үшін жағдай жасау болуы керек, деп есептейді BSR зерттеу тобы. Ол үшін салық төлеуді жеңілдету қажет (салықтар мен әлеуметтік жарналарға автоматты түрде бөлінетін бірыңғай төлемді енгізу) және бұл мөлшерлемені 3-5 пайыз аралығында ұстау қажет.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін салық режимі қарапайым және түсінікті болуы керек. Жүйе агрессивті салықтық оңтайландыру үшін ынталандыруды азайту үшін жасалуы керек. Бұған теңдестірілген салық ставкаларын әзірлеу, ақылға қонымды салық базасы және салықтан жалтаруға қарсы тиімді шаралар кіреді.
Нені өзгерту керек?
Қазақстанның тікелей сату қауымдастығы зерттеу жүргізуге қолдау көрсетті. Қауымдастықтың атқарушы директоры Анастасия Калашникованың айтуынша, егер ережелер қарапайым және түсінікті болса және заңнамадағы олқылықтар жабылса, онда кәсіпкерлердің салықты жасырудың жолдарын іздеуге құлшынысы болмайды.
"Біз салық салудың бүкіл жүйесін реформалауды қолға алған жоқпыз, ең аз бөлігін алдық, бірақ бұл саны жағынан ең үлкені. Бұл тиісті критерийлер бойынша платформалық жұмыспен қамтуды қолдана алатын немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған және мобильді қосымшаны қолдана алатын жалдамалы жұмысшылары жоқ кәсіпкерлер. Біз осы екі нұсқаны, екі салық режимін ұқсас етіп жасауды ұсынамыз", - деді Анастасия Калашникова.
Идея бойынша, кәсіпкер өз табысының 4 пайыз төлеуі керек, бұл сомаға мыналар енгізілген:
Бұл 4 пайыз ақша алу дерегі бойынша ай сайын төленуі керек.
Мобильді қосымша касса үшін абоненттік төлемсіз тегін болуы керек. Сарапшылардың пікірінше, мұндай салық режимінің жалғыз шарты жалдамалы қызметкерлердің болмауы және табысы жылына 20 миллион теңгеден аспауға тиіс.
Жалдамалы қызметкерлерсіз ЖК үшін бірыңғай салық төлемін енгізу жөніндегі ұсыныс. BSR зерттеу инфографикасы
"Біз мұндай режимді енгізген кезде МЗЖ төлемейтіндер көлеңкеден шығуы керек деп болжап отырмыз, өйткені қазір көптеген кәсіпкерлер салық органдарының назарында емес. Дәл осындай режим 20 миллион теңгеге дейінгі табысы бар ЖК-ге сәйкес келеді. Бұл режимнің әлеуметтік миссиясы көбірек: кәсіпкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру, оларды зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық сақтандыру", - деп түсіндірді Анастасия Калашникова.
Сарапшылар енгізуді ұсынған екінші салық режимі - ҚҚС төлемейтін және жылына 124 184 АЕК (2024 жылы 458,4 миллион теңге) дейін табыс табатын ЖК үшін жеңілдетілген декларация. Жеке тұлғамен өзара әрекеттесу кезінде жеке кәсіпкерге салынатын салық 3 пайыз, ал заңды тұлғаға салынатын салық 9 пайыз болуы керек. Төлем автоматты түрде қорларға бөлінуі қажет.
Жеке тұлғалардан табыс түскен жағдайда 3 пайыз салық мыналарды қамтуы тиіс:
Заңды тұлғаның табысы жағдайында 3 пайыз салық төмендегідей бөлінеді:
"Бұл тәсіл бізге ҚҚС-тан жалтару мәселесінен арылуға мүмкіндік береді. Қазір ЖК ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігі ретінде жиі пайдаланылады, өйткені ЖК төлемі міндетті жарналар үшін 3 пайыз плюс шартты 1 пайыз құрайды. Айырмашылық қазірдің өзінде байқалады. Егер заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу кезінде салық 9 пайыз болса, онда соңғылары бұлай істегеннен еш пайда таппайды", - деп түсіндірді Анастасия Калашникова.
Жұмысшылардың өздерінің жалақыдан және жұмыс берушінің олар үшін аударатын салықтар мен басқа төлемдердің жиынтық пайызы 33,8 пайыз құрайды. Қалай алып қарасаңыз да, бұл жұмыс берушінің ақшасы. Сондықтан сарапшылар қызметкер мен бизнес санатына байланысты бірыңғай төлемді енгізу мәселесін қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар, бұл шағын, орта және ірі бизнеске де қатысты болуы мүмкін.
"Мемлекет мен туралы бәрін біледі: электронды үкімет менің әлеуметтік мәртебемді біледі, мен зейнеткермін бе, жоқ па, қанша адамды асырап отырмын - оны да біледі. Сондықтан ставканың мөлшері нақты болуы керек. Egov менің санатымды өзі тағайындай алады, оның негізінде кәсіпкер менің ставкамды төлейді. Бұдан әрі қарай техника өзі жасайды - төлем салық түрлері бойынша автоматты түрде бөлінеді", - деп түсіндірді Анастасия Калашникова көтеріп отырған бастаманың мән-мағынасын.
Бастама авторларының есептеулері бойынша, бірыңғай мөлшерлемені енгізу ай сайынғы міндетті төлемдер санын 6 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорынан төленетін міндетті төлем мөлшерлемесін жеңілдіксіз төмендету кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің табыстарына салық салу арасындағы айырмашылықты азайтады. Сарапшылар бұл Қазақстанның жұмысқа қабілетті халқының төрттен бір бөлігінің сұр аймақтан шығуын ынталандырады, халық табысының, әлеуметтік тұрақтылықтың артуына әкеледі және ел экономикасы үшін мультипликативті әсер етеді деп күтеді.
Айтпақшы, Қазақстан Президенті 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде бірыңғай төлем туралы айтты:
"Шағын және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу қисынды соңына дейін жеткізілген жоқ. Бұл норма бір жылдан бері жұмыс істейді, барлық уәкілетті органдар сәтті есеп берді, ал бизнес салықтар мен жарналарды бюджеттен тыс қорларға жеке төлегендіктен, мұны жалғастырып жатыр".
Тікелей сату қауымдастығының қолдауымен BSR жүргізген зерттеулерді қазір ҚР Қаржы министрлігі зерттеп жатыр. Ұсыныстарды ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің басшысы Еран Сағнаев, сондай-ақ, депутаттар оң бағалады. Алайда Үкіметтің қандай шешім қабылдайтыны және бұл бастаманы қолдай ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.
Қазір Үкімет жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Оның жобасы көпшілікке қолжетімді емес, бірақ оған түзетулердің ұсыныс құжаты көпшіліктің талқылауына ұсынылды. ҰЭМ-нің міндеті - 2024 жылғы қазанға дейін дайын реформаланған салық жүйесін бекітуге ұсыну.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз