Танымал әнші Қарақат Әбілдина Қазақстандағы жолдың жағдайын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында Теміртау қаласына іссапармен барған танымал әнші Қарақат Әбілдинаны Теміртаудың жолы әбден шаршатқан сияқты. Әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Жолдары керемет екен Теміртаудың, жылда-жылда жөндеу жұмыстары жасалады. Бір жылға жетпей жол қайтадан осындай күйге енеді. Бұл енді Қазақстан, айналайындар. жақсылықтың болатынына сенейік енді не де болса. Теміртауға қош келдік, күн жанып тұр", - деді Қарақат Әбілдина Теміртаудың жолын сынап.
Айта кетейік, Қарақат Әбілдина Теміртаудағы "Қарақат" студиясының алғашқы есеп беру концертіне барған. Ашылғанына екі жыл болған мектепте 300-ге жуық шәкірт оқиды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!