54 жастағы Хелен Далглиш өзінің 10 айлық қызы - Дейзи Грейске қарап, ана болғанына әлі де сене алар емес. Әйел бұған дейін 21 рет бала көтеруге тырысқан. Бұл жайлы Dailymail.co.uk жазды.
"Мен 20 жасымнан бастап ана болғым келеді. Ол кезде бірінші күйеуім екеуміз тексерістен өттік, бізге "себепсіз бедеулік" деген диагноз қойды. Өздігімнен бала көтере алмайтынымды түсіндім", - дейді Хелен.
Алдымен ерлі-зайыптылар құрсақішілік ұрықтанудың 4 процедурасын көреді, бірақ олардың бәрі сәтсіз аяқталды. Сол кезде жұп ЭКО жасауды шешеді. Алайда жергілікті ереже бойынша, тек бір реттік процедура ғана тегін болды. Қалғандарын өздері төлейді.
Алайда бірінен соң бірі сәтсіз аяқталды. Эмбриондар сапалы болса да, орнығып кете алмады.
"Шыдамым таусылған да кездер болды: эмоционалды, физикалық, қаржылық тұрғыда төзімім таусылды", - деп есіне алады Хелен. – Бір-екі жыл үзіліс жасап, йога, медитация жасауға тырыстық. Егер біз ол жайлы ойлауды тоқтатсақ, жүктілік өздігінен келеді деп үміттендік. Әрбір сәтсіз әрекет көңілімді құлазытты, бұл әркез өліммен тең болды. Мен бірнеше аптада өзіме келіп, өзімді қолыма алып, бәрін нөлден бастайтынмын".
Бір сәтте процедура ауыртатын болды. Дәрігерлер жатырдың қатты қисайғанын анықтап, еш нәтиже болмайтынын айтқан.
Бірақ Хелен берілмеді, ол 40 жастан асқан кезде үш рет бала көтерді. Бірақ 9-10 аптаға келгенде бала түсіп қалатын болды.
Донорлық жұмыртқа алу әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін әйел баласыз болуға көнеді. Бұл кезде ол бірінші күйеуімен ажырасып, екінші күйеуімен тұрып жатқан кезі болатын. Сондықтан Хелен тағы да емханасын ауыстырып, өзінің соңғы мүмкіндігін пайдалануға шешім қабылдайды.
"Мен бұл ЭКО-ны жоспарламадым, бірақ соның алдында әкем қайтыс болды. Анам әкемнен маған бала жіберуді сұрапты. Мен бұл туралы естіген кезде тағы бір рет көруім керек деп шештім", - дейді әйел.
Ешкім сенбеді, бірақ Хелен бала көтерді. Жүктіліктің 9 айы ауыр өтті: Хеленде жүктілер диабеті дамыды. Бірақ Хелен жақсылыққа сенді. 25 жыл ішінде 21 рет ЭКО жасап, қыркүйекте ол ана атанды.
"Мен ішімнің қалай өсіп жатқанын көріп, "бұл менің түсім ба" деп ойлайтынмын. Бізді перзентханадан үйге шығарғанда қуаныштан жылап жібердім. Менің қызым бар, бақыттымын. Бұл - жұмақ", - дейді Хелен.
Қазақстандық дәрігер ЭКО жасатуға қатысты басты сұрақтарға жауап берген болатын. Мына жерден оқыңыз.