Бұл жұлдызнама белгілері барлығын өзгертуге мүмкіндік алады

Бұл жұлдызнама белгілері барлығын өзгертуге мүмкіндік алады
Фото: pixabay.com

Жаңа апта (19-25 ақпан) 4 жұлдызнама белгісінің өкілдерін қуантады. Олар өз өмірін өзгертуге және жаман кезең жайлы ұмытуға мүмкіндік алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Styler-ге сілтеме жасап.

Торпақ

Бұл апта өзіңіз үшін жаңа нәрсе ашуға мүмкіндік береді. Бір сәтте бәрі өзгереді: барлық жаман нәрсе жайлы ұмытуға әсер ететін жағдай болуы мүмкін. Бұл сізге ары қарай жылжуға мотивация береді.

Шаян

Жеке шекараңызды қоюды және оны қорғауды үйреніңіз. Басқаларға сіздің жеке өміріңізге араласуға және ойларыңызды өзгертуге мүмкіндік бермеңіз. Егер сіздің қалауыңызды шынымен де тыңдай алатын және оны ести алатын адамды кездестірсеңіз, ол сізге бәрін өзгертуге көмектеседі.

Сарышаян

Сізді керемет апта күтіп тұр. Көпшілік проблеманы оңай шешуге болатынын түсінесіз. Интуицияңызды тыңдап әрекет етіңіз. Жаңа өмір бастап, оны қуанышты сәттермен толтырыңыз.

Таразы

Тығырыққа тірелуіңіз мүмкін. Бірақ сіз үшін ешкім таңдау жасап бермейді, бәрі сіздің қолыңызда. Бақыт пен үйлесімділік іздеу жолында тек өз күшіңізге сеніңіз және айналаңыздағы адамдармен берік қарым-қатынас құруға тырысыңыз. Жақында нағыз достарды кездестіріп, олармен бірге жаңа өмір бастауыңыз мүмкін.

Оқи отырыңыз: "Торпақтар - қызғаншақ, Шаяндар - ренжігіш". Жұлдыз жорамал бойынша негізгі кемшілігіңіз қандай?

А. Жапатова