- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұл жидек бауырдағы...
Бұл жидек бауырдағы артық майды кетіруге көмектеседі
Каму-каму сығындысы бауырдағы артық майды кетіруге көмектеседі. Бұл туралы Cell Reports Medicine журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лаваль университетінің бір топ ғалымдары 12 апталық эксперимент жүргізді, оған 30 ерікті қатысты. Олардың бір бөлігі каму-каму жидегінің сығындысын, ал бір бөлігі плацебо қабылдады. Бауырды алдын ала тексерістен және жидек қабылдағаннан кейін де магниттік-резонанстық терапия аппараты арқылы анықталды.
Сирек жидек сығындысы бауырдағы липидтердің 7,43 пайызға төмендеткені анықталды. Плацебо қабылдағандарда, керісінше, бауыр майы 8,42 пайызға артқан.
"15,85 пайыз, бұл айтарлықтай айырмашылық", - деп түсіндірді зерттеу жетекшісі Андре Маретт.
Экзотикалық жидек дүкендегі сөреде кездеспесе де, оның қоспасын табуға болады, өйткені кама-кама суперфуд саналады.
Сарапшылар оны мүкжидекпен біріктіру әсерді күшейтуге көмектеседі деп болжайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә