Мексиканың оңтүстік-батыс жағалауында болған "Отис" дауылынан 27 адам қаза тапты. Бұл дауыл салдарынан Герреро – Акапулько қаласы қатты зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Жел жылдамдығы 330 км/сағ-қа дейін жеткен. Бесінші категориялы "Отис" дауылы салдарынан аз дегенде 27 адам қаза тапқан және 4 адам жоғалған.
Жергілікті БАҚ штат қатты зардап шеккенін және көшкін салдарынан жолдар бұғатталғанын хабарлады.
Сондай-ақ танымал Акапулько курорттық қалашығы қатты зардап шекті. Ауа-райының қолайсыздығынан қалалық әуежай уақытша жабық болды.
@united_nations3♬ The Last of Us (Remix) - 林怿
Қазір Мексикадағы Акапулько курорттық қалашығы туристік брошюралардағы суреттерге мүлдем ұқсамайды. Дауылдан соң ғимараттар қираған, жағажай қоқысқа толы, ал ағаштар түбімен жұлынған. Акапулькодағы 80% қонақүй зақымдалған.