"Бұл Газа секторы емес". Мексикада болған дауыл танымал курортты қиратты

Фото: әлеуметтік желі

Мексиканың оңтүстік-батыс жағалауында болған "Отис" дауылынан 27 адам қаза тапты. Бұл дауыл салдарынан Герреро – Акапулько қаласы қатты зардап шекті,  - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Жел жылдамдығы 330 км/сағ-қа дейін жеткен. Бесінші категориялы "Отис" дауылы салдарынан аз дегенде 27 адам қаза тапқан және 4 адам жоғалған.

Жергілікті БАҚ штат қатты зардап шеккенін және көшкін салдарынан жолдар бұғатталғанын хабарлады.

Сондай-ақ танымал Акапулько курорттық қалашығы қатты зардап шекті. Ауа-райының қолайсыздығынан қалалық әуежай уақытша жабық болды.

@united_nations3

♬ The Last of Us (Remix) - 林怿

Қазір Мексикадағы Акапулько курорттық қалашығы туристік брошюралардағы суреттерге мүлдем ұқсамайды. Дауылдан соң ғимараттар қираған, жағажай қоқысқа толы, ал ағаштар түбімен жұлынған. Акапулькодағы 80% қонақүй зақымдалған.

А. Жапатова