- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл деген рекорд...
"Бұл деген рекорд қой". Қарақат Әбілдина алғаш 49 жасында ана атанған әйел туралы айтты
Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш 49 жасында ана атанған әйел туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әйелдің перзентінің тұсауын кескен.
"Бұл деген рекорд қой", - деппін ғой сасқанымнан.
Кеше Қарағанды қаласында тұсау кесер рәсімін өткізгенде 49 жаста алғаш ана атанған қонағымыз болды. Бөпесі Шахкерімнің тұсауын кестік.
Мен алтыншы баламыз, Айзониді дүиеге әкелгенде ойлағам "өте кеш босанып жатқан сияқтымын деп… Сөйтсем жақсылық, қуаныш дегеннің кеші болмайды екен ғой.
Сол сияқты міне осы сәбидің де әжесі "Адамнан бір, Алладан екі сұрап алғаным" деп қуанып, батасын беріп жатыр"
Сіздер ең кеш босанған кімді көрдіңіздер? Қай жасында?
Менің көріп әрі қуанып, әрі таңғалғаным осы. Соны сіздермен бөлісіп жатқаным Жақсы адамдарым", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: «Келешек» бағдарламасы кімдерге арналған?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә