- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл - бастамасы"....
"Бұл - бастамасы". Мәдина Сәдуақасова судан зардап шеккен өңірге қаржылай көмектесті
Танымал әнші Мәдина Садуақасова тасқын судан зардап шеккендерге 1 млн теңге қаржылай көмек берді,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтарға мың алғыс! Гуманитарлық пен қаржылай көмек көрсетіп жандарға Алла разы болсын! Біздің отбасы да өз үлесін қосып,Каспи банк арқылы 1.000.000 т аудардық.! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын. Аллам Қазақстанның әр өңірін табиғи апатынан сақтасын!"- деп жазады ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы