- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл барша Қазақстан...
"Бұл барша Қазақстан халқының атынан". Тоқаев Әзербайжандағы балалар орталығының ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысты.Екі ел басшылары Орталықтағы жаңа кабинеттерді, кластарды, залдар мен шығармашылық студияларын аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғимараттың іргетасы былтыр наурыз айында қаланған болатын. Нысанды жобалау жұмыстары үш айдың ішінде жасалып, құрылысы 9 айда аяқталды.
1,5 гектар аумақта орналасқан орталықтың жалпы ауданы – 2700 шаршы метр. Екі қабатты ғимаратта 600 баланың бірнеше ауысыммен мектептен тыс білім алуына барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда дәріс залы, шахмат, аспаз кластары, көркемөнер және мүсін студиясы, хореография және спорт залдары, дыбыс жазу кабинеті, музыка және вокал класы, фото-бейнемонтаж, веб-дизайн және роботты техника кабинеттері, акт залы, 3D-модельдеу класы бар. Орталықта IT-cтартаптарға және Әзербайжанның ұлттық мәдениетіне, соның ішінде кілем тоқу өнеріне айрықша мән берілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық ұжымына Құрманғазы домбырасының көшірмесін, сондай-ақ білім ошағының тәрбиеленушілерін таситын автобусты сыйға тартты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы