The Hill басылымының оқырмандары АҚШ президенті Джо Байденнің Флоридада сөз сөйлеген кезінде түсіп қалған суретінде қолы біртүрлі екенін байқап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суретте АҚШ басшысының қолы біртүрлі түсіп қалғанын, Байденнің қолы көгеріп тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары бұл дәрі тамызғыштың ізі болуы мүмкін деп топшылаған. Бұл жайтқа алаңдаған америкалықтар түрлі болжам жасай бастаған.
Формер Уарлок есімді адам Байден ем алып жүрген болуы мүмкін екенін жазды: "Бауырым, оның қолына қарашы. Бұл жігіт емделіп жүрген болуы керек", - дейді ол.
"Оның қолына не болған? Бір нәрсе жұқтырып алған сияқты", - дейді Скот Ремемберс есімді адам.
"Бұл не бәле?", - деп пікір қалдырған tHONKful Honkitude.
"Байден дәрі тамызғыш қолданатындай қандай аурудан емделіп жүр? Суретке қараңдаршы. Қолындағы ненің ізі? БАҚ неліктен мұндай нәрселерді сұрамайды?", - дейді тағы бір оқырман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!