- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұл айран емес"....
"Бұл айран емес". Іш қатуды кетіретін ең жақсы өнім аталды
Қазір көпшілік адам іш қатумен қиналады. Оның жиі кездесетін себебіне аз қозғалысты өмір салты және рационда жемістер мен көкөністердің аз болуы жатады. Кейде өзіңізге көмектесу үшін рационыңызға аздап өзгерістер енгізу жеткілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" порталына сілтеме жасап.
Лондон Корольдік колледжінің диетологтар департаментінің зерттеушілері әртүрлі өнімдер мен сусындардың ересектердегі созылмалы іш қату белгілері мен еміне қалай әсер ететінін зерттеуді шешеді. Ғалымдардың айтуынша, іш қату проблемасын емдеуде диета маңызды рөл атқарады, бірақ бұл жағдайда ұсынатын нақты өнімдер мен сусындардың пайдасын көрсететін дәлелдер өте аз.
Қандай өнімдер бұл проблеманы жақсырақ шешетінін білу үшін олар барлығы 1714 адам қатысқан 23 зерттеудің мәліметтеріне метаанализ жасайды.
Қатысушылар арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен өнім – киви болған. Зерттеушілердің айтуынша, үлкен дәрет жиілігін жақсарту үшін күніне 2-3 киви жеу жеткілікті.
Кивидің пайдасы:
- Ол еритін және ерімейтін талшықтарға бай;
- Киви нәжістегі су мөлшерін және тоқ ішек көлемін арттырады;
- Ол асқазан-ішек жолы белгілерін жеңілдетеді;
- Киви қабынуға қарсы әсерге ие, ол асқазан-ішек жолындағы бифидобактериялардың артуын ынталандырады.
Алайда кивиді сүт өнімдерімен бірге жемеген жөн.
Екінші орында псиллиум (жолжелкен қауызы) тұр. Ол жасұныққа бай. Зерттеу нәтижесі бұл өнім де іш қату кезінде тиімді екенін дәлелдеді.
Іш қатуды жақсы кетіретін өнімдер қатарына қараөрік те кірді. Қараөрік халық арасында іш қатуды жақсы кетіретін өнім ретінде таныс. Зерттеу ол шынымен де бұл проблемадан арылуға көмектесетінін дәлелдеген.
Оқи отырыңыз: Іш қатумен қиналасыз ба? Ішектерді тазартудың үш қадамы
А. Жапатова