"Атырау облысы Су Арнасының" өкілі Борис Пенкинннің айтуынша, шәуіштің қазіргідей қалың түрі 20 жылдан бері алғаш анықталып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
"Жыл сайын қыс басында өзенде шәуіш қатқан кезде кәсіпорын қызметкерлері тығырықтан шығып жүрді. Ал, биыл Жайықтың деңгейі күрт төмендеп кетті. 9 желтоқсан күні санаулы сағаттың өзінде су деңгейі 15-20 сантиметрге дейін түсіп кетті", - дейді кәсіпорында 30 жылдық тәжірибесі бар маман.
Айта кетейік, мәселені шұғыл шешу мақсатында кешеден бері Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері мен техникалары және "Атырау облысы Су Арнасы" мен басқа да коммуналдық қызмет өкілдері жұмылдырылды. Су тазарту қондырғыларының басында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен шаһар басшысы Шәкір Кейкин және жауапты кәсіпорын басшысы Мейірім Қалауи жүр.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында станцияда мұз пайда болып, су беру тоқтатылғаны хабарланған болатын.
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына аяздың басталуына және судың жылдамдығының төмендеуіне байланысты қала мен қала маңындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету көзі болып табылатын Жайық өзенінде мұздың қалыптасқанын хабарлайды. Осы себепті су алатын құрылыстардың сорғы станцияларынан су алынатын жерлерде мұз (шауш) пайда болды. Бұл құбылыс қаланың су қабылдағыш құрылымдарының жұмысын тоқтатты. Қазіргі таңда "Атырау облысы Су Арнасы" КМК қызметкерлері қаладағы су тарту құрылыстарын іске қосу үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Мұз кептелісі тазартылғаннан кейін су жүйелі түрде беріледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!