- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұқтырма су қоймасында...
Бұқтырма су қоймасында төрт бала суға батып кете жаздады
Бүгін, 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Құлынжон ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасында төрт бала суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жел көтеріліп, қатты толқын оларға жағаға қарай жүзуге мүмкіндік бермеген.
"ТЖМ көмекке келген құтқарушылары Нұржан Жолжақсынов, Әсет Тұрсынов, Саян Ерназ және куәгерлердің бірі 2008, 2012, 2011 және 2010 жылы туған балаларды судан құтқарды. Құтқарушы Нұржан Жолжақсынов суға асығып, құтқару шеңберінің көмегімен 2011 жылы туған баланы судан шығарып алды. Оның әріптестері Әсет Тұрсын мен Саян Ерназ қайықпен басқа балаларға жағаға жетуге көмектесті. Осы сәтте қасында болған куәгер Асылан Нұрекенов құтқарушыларға көмектесті, ол суға батып бара жатқан балаларға дейін жүзіп, оларға құтқару шеңберін лақтырды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан