Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 24 адамы бар қайық батып кетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Оқиға жексенбіде сағат 19:00-де "Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған.
"Секундына 20 метрге жеткен қатты желдің салдарынан "Садко" демалыс орталығынан "Аюда" базасына бет алған тұрақты жолаушылар қайығы суға бата бастаған. Бортта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш құрамнан құралған команда болған", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Әлеуметтік желіге тараған куәгер видеосы.
Суға батып бара жатқан қайыққа жағадағы демалушылар көмекке келген. Олар гидроскутерге отырып алдымен балаларды, кейін барлық азаматты жағаға жеткізген.
"Барлығы 21 жолаушы құтқарылды. Олар "Аюда" базасына орналастырылды. Барлық азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес. Жолаушылардың заттарын құтқарушылар оқиға орнынан жағалауға жеткізді", - деді ведомство өкілдері.