Иранда Тегеран трибунасында букмекерлік кеңселерді жарнамалаған блогер Милад Хатами дарға асу жазасына кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатами Түркияда ұсталып, соттан қашып, 2021 жылы Интерполдың сұрауы бойынша Иранға экстрадицияланған. Ол екі жыл бас бостандығынан айырылған еді.
959 000 жазылушысы бар блогердің аккаунты бұғатталды. Парақшаның тақырыбында сот органдарының бұйрығымен "қылмыстық мазмұнның жариялануына байланысты" бұғатталғаны жазылған.
Еске сала кетейік, осыған дейін қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікке ілінген блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік. Сот шешімінен кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!