Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оған ілеспе заң жобасы қарауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжат букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салуды көздейді. Заң жобасы президенттің бастамасы бойында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.
"Заңдардың негізгі новеллалары келесідей: Біріншіден, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, бильбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норма қарастырылып отыр, ал басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады.
Екіншіден, борышкерлердің бірыңғай тізімде тұрған азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады. Үшіншіден, лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің тотализаторлары интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады. Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу сияқты тағы басқа өте маңызды нормалар ұсынылып отыр", - деді депутат Асхат Аймағамбетов.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобаларын қарауға алды.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!