- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Букмекерлік кеңселер мәжіліс...
Букмекерлік кеңселер мәжіліс депутаты Руслан Берденовті сотқа берді
Қазақстанның букмекерлер қауымдастығы Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Руслан Берденовті жалған сөйледі деп айыптап отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды.
Руслан Берденов Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салу мәселесін көтерген болатын.
"Жауапкер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ("Respublica" саяси партиясы фракциясының мүшесі) бола тұра, ойын бизнесін ұйымдастырушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратуға бірнеше рет жол берді. Ол таратқан ақпараттар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу саласындағы реттеуді қатаңдататын заң жобаларының негізінде пайдаланылды", – делінген букмекерлік кеңселердің Берденовке қарсы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына берген талап-арызында.
Букмекерлер қауымдастығы Берденовтің төмендегі айтқаны шындыққа жанаспайтынын айтып, компаниялардың абырой-беделіне нұқсан келтірді деп санайды:
- Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді шамамен 350 мың азамат бар деген деректер расталмады, өйткені денсаулық сақтау министрлігінің жауабына сәйкес, 2023 жылдың сегіз айында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар деген диагнозбен динамикалық бақылауда 10 адам тұрған (2022 жылы – 10 адам, 2021 жылы – сегіз адам, 2020 жылы – тоғыз адам);
- Қазақстандағы құмар ойынға тәуелділердің әрқайсысының орташа қарызы 10 млн теңге шамасында деген деректер Ұлттық банкпен расталмады;
- Құмар ойынға әуес балалар және құмар ойындарға әуестік ажырасудың негізгі себебі деген деректер расталмады, өйткені мұндай деректер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева