Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, блогерлер мен инфлюенсерлерге, сонымен қатар басқа да қазақстандықтарға букмекерлік кеңселер мен онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынады. Бұл үшін 200 мың теңге айыппұл қарастырылған.
"Бүгін қоғамымызға тікелей әсер ететін өте маңызды заң жобасын қабылдап отырмыз. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент лудоманияны XXI ғасырдағы басты әлеуметтік зұлымдық деп атады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ойынға тәуелділікпен күресудің кешенді жоспары қабылданды", - деді Бейсенбаев.
Мәжілісменнің айтуынша, құжатта құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге шектеу қойылған тұлғалардың тізімі анықталған. Бейсенбаевтың айтуынша, басты жеңістердің бірі – борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғаларға құмар ойындарға тыйым салу.
"Бұл - шамамен 3,5 миллион адам. Біздің ойымызша, олар букмекерлік кеңселер мен казинолардың әлеуетті клиенттері. Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйым басшылары бәс тіге алмайды. Бұл - шамамен 280 мың адам", - деді Бейсенбаев.
Мәжілісменнің айтуынша, аталған санаттағы тұлғаларға ешқандай ескерту жасалмайды. Егер адам бәс тігетін болса, бірден жұмыстан шығарылады.
Сонымен қатар, заң жобасы заңнамаға мынадай өзгерістер енгізуді көздейді:
Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушылар екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!