Өскемен қаласының тұрғыны 63 жастағы Орынбек Шәріп алты жылдан бері салауатты өмір салтымен айналысады. Massaget.kz тілшісі спортшымен сұхбаттасты.
"Таңертең мүлдем тамақ ішпеймін"
Қарияның спортпен айналысуына алты жыл бұрынғы оқиға әсер еткен.
@orynbeksharip #жаттығу #денсаулық #спорт #күрес #бокс #футбол #гольф #волейбол #баскетбол #гири #хоккей #лёгкаяатлетика #бег #марофон #каратэ #футбол #фехтование #самбо #штанга #конныйспорт #жекпежек #мы #лыжи #биатлон #гимнастика #плавание #прыжкивводу #шашки #шахматы #регби #олимпиада #чемпионатмира #чемпион #тренд #воля #мир #волякпобеде #победа #спорт ♬ оригинальный звук - ??Kypshak??
"Күнделікті жаттығу жасап, дұрыс тамақтануыма қолымның сынуы әсер етті. Алты жыл бұрын асау биені ұстаймын деп, ол секірген кезде қолым екі жерден сынды. Осы оқиғадан соң 8 ай қатты қиналдым. Себебі қолым аузыма жетпейтін. Сөйтіп, бірнеше уақыттан соң қазіргі тәлімгерім кездесті. Бірден дұрыс тамақтануға көштім. Сенесіз бе, үш ай ішінде қолым қалпына келді. Содан кейін бірден 10-15 минуттық жаттығулар жасай бастадым", - деді қария.
Ол таңғы уақытта тамақ ішпеуді әдетке айналдырған.
"Таңертең мүлде тамақ ішпеймін. Тек бір дана витаминді сумен қабылдаймын. Содан соң 50-100 рет жаттығу жасаймын. Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде өзіммен жастылардан терім де, денем де сергек көрінеді. Түсте толық, ал кешке салаттар мен жеңіл тағам жеймін. Келіншегім де менімен бірге тамақтанып, жаттығуды бірге жасайды", - деді Орынбек Шәріпов.
"Барлығы да миға байланысты"
@orynbeksharip #Өскемен #күміс #жеміс #ОрынбекШәріп ♬ оригинальный звук - Орынбек
Спортшының айтуынша, адамның сергек әрі жас болуына миындағы жақсы ойлар да әсер етеді.
"Негізі барлығы да миға байланысты. 35 жыл таңғы жаттығумен айналыспағанмын. Жас кезімде айналыстым да, одан кейін мүлде ұмытып кеткен едім. Қол сынғаннан соң уақытты өзіме арнауға тырыстым. Ағзама көңіл бөлдім. Таңғы жаттығудың кереметтілігі сол, оны ең пайдалы іс деп айтар едім. Біз немерелермен де бірге жаттығамыз", - деді қария.
Орынбек Шәріпов халал, табиғи өнімдерді ғана тұтынады.
"Алкогольден бас тартқанмын. Қазір тек айран, қымыз ішемін. Тек қана халал, табиғи өнімдермен тамақтанамын. Дүкендегі консервілік тауарларды қолданбаймын. Тамақтың құрамына аса қатты мән беру керек. Бүкіл ауру содан болады", - деді спортшы.
"Шүкіршілік айтып, дұға тілеймін"
Қарияның өмір сүру салты да басқалардан ерекше. Ол таңертең тұрғанда бірден жаттығуға кірісіп кетпейді.
@orynbeksharip #жаттығу #спорт #күрес #бокс #көкпар #биатлон #ат #бәйге #гимнастика #лёгкаяатлетика #АкадемияУспехвместе #ОрынбекШәріп #сила #SuccessTogether #rec #fyp #fipシ #тренинг #здоровье #деньги #Жизнь #успехвместе #fuel8gift #команда #Шауро #Россия #Казахстан #Украина #Кыргызстан #Узбекистан #Беларусь #SuccessSiberia #success8day #success8night #successday #successnight #space8wash #spacewash #successoil #Семья ♬ original sound - ????? ???? ⚠️??
"Таңертең тұрған соң шүкіршілік айтып, дұға тілеймін. Содан кейін таңғы ас, таңғы жаттығу болып жалғаса береді. Менің бұл бастамам жастарға үлгі болса қуанамын. TikTok-қа да осы мақсатпен салған едім. Себебі қазіргі жастардың көбісі сыра ішіп, қарындары шығып кеткен. Артық салмақтары бар. Соларға пайдам тисе екен деймін", - деді Орынбек Шәріпов.
Өскемендік спортшы бұған дейін бірнеше мемлекетте болған. Алдағы уақытта да бірнеше жоспары бар.
"Көп саяхаттағанды жақсы көремін. Биыл жұбайымызбен Таиландқа барып, демалу ойда бар. Жақын күндері Ресейдің Самара қаласына жол тартамыз. Екі балам бар, үш немерем бар. Салауатты өмір салтын отбасымызбен ұстанамыз. Басқаларға да соны дәріптегім келеді", - деді қария.
Еске салайық, бұған дейін танымал журналист қалай арықтағанын айтқаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мектепте тегін тамақ кімге беріледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз