- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бүкіл әулетін әкеліп...
"Бүкіл әулетін әкеліп кешірім сұрайды". Ырысбала Икрамбай өзіне балағат сөз жазған оқырманын тауып алды
Қайырымдылықпен айналысып жүрген блогер Ырысбала Икрамбай өзіне балағат сөз жазған оқырманын тауып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жазбаларының біріне Сәке атты қолданушы блогерге балағат сөздер жазып кеткен.
"Кез келген нәрсе кішкентай нәрседен басталады. Бүгін біреудің 5 мың теңгесін алды ма, ертең біреудің 10 мыңын алады. Арғы күні 50 мыңын, одан кейін 100 мыңын, сөйтіп миллионға, миллиардқа жалғасады. Қайта рахмет айтыңдар дер кезінде тоқтағанына.
Мысалы мына жердегі еркектектес құдай адам қылып жаратып, бірақ наданның ісін жасайтын. Өтірік парақша ашып алған, барып арыз түсірдім. Бұның кім екені анықталып тұр. Ертең мен осған арыз жазамын. Қазір адвокат таптым. Ертең арыз жазып, іс сотқа дейін барған кезде бүкіл әулетін әкеліп кешірім сұрайды. Сол кезде мен бақырамын. Сол кезде тағы шығасыңдар, "халықтың арқасыында семіріпсің" деп. Қайсың маған ьір тілім нан, қайсың маған май әкеліп жатырсыңдар? Семіртпей қойсаңдаршы онда, көрейік", - дейді блогер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина