Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңіне қадам басқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен осы алқалы жиында басқа да бірқатар маңызды мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңіне қадам басты. Адамзат аса күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Геосаяси текетірес және мемлекеттер арасындағы бақталастық ушығып барады. Осындай құбылмалы кезеңде біз стратегиялық бағдарымызға сай әрекет етуіміз керек.
Жан-жақты жоспарлап, тиянақты жасалған шаруа ерте ме, кеш пе, жемісін беретіні сөзсіз. Мысалы, біз соңғы жылдары білім беру саласына баса мән беріп келеміз. Нақты шешімдер мен шаралардың арқасында мұғалім мәртебесі әлдеқайда көтерілді. Мектептегі орын тапшылығын жою үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылуда.
Биыл жүзге жуық білім ошағы бой көтерді. Қазіргі таңда осындай ауқымды жұмыстың нақты нәтижесі бар. Атап айтқанда, халықаралық PISA рейтингі бойынша Қазақстандағы орта білімнің сапасы едәуір артты. Басқа да салаларда оң өзгеріс бар", - дейді Президент "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!