Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтарда оқитындар ай сайын 43 574 теңге, орта буын мамандары болса 41 896 теңге шәкіртақы алатын болды.
Ал бакалавриат студенттері 47 135 теңге шәкіртақы алса, педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңге алады.
Интернатурада оқитындарға 85 376 теңге, ал резидентурадағыларға 123 122 теңге шәкіртақы төленеді.
Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға көбейді. Сәйкесінше, олар 107 061 теңге және 240 мың теңге алады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!