Бүгінгі доллар бағамы қандай?

15 қазандағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (Астана уақыты бойынша 15:30-дағы жағдай) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 539,56 теңге болып, 0,63 теңгеге өсті.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 қазандағы ресми бағамы - бір доллар үшін 538,63 теңге.

kurs.kz дерегі бойынша Алматы мен Астанада доллар мына бағаммен сатылып-сатып алынып жатыр:

Алматы бойынша:

  • сатып алу - 539,12 теңге;
  • сату - 541,11 теңге.

Астана бойынша:

  • сатып алу - 537,72 теңге;
  • сату - 543,72 теңге.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!