Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Ұлттық банктің 30 қарашаға арналған ресми бағамы - 1 долларға 511,22 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сонымен қатар бүгінгі Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,73 теңге болса, еуро - 540,05.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513-523 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 қарашада Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 513,20 теңгеге сатылып, 505,10 теңгеге сатып алынды. Кейбір айырбастаушылар АҚШ валютасын 515 теңгеден сатты.

Алматыда америкалық валютаны 512,87 теңгеге сатып, 507,50 теңгеге сатып алды. Кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 516-518 теңге аралығында сатылып жатыр.

Кейін Ұлттық банк доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген еді. 

Ұлттық банк мәліметінше, бірқатар фактор әсерінен теңгенің айырбас бағамы АҚШ долларына шаққанда 500 теңгеге жеткен. 

Massaget.kz тілшісі сарапшымен сұхбаттасып, теңгенің болашағын сұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!