Ұлттық банктің 4 қарашаға арналған ресми бағамы - 1 долларға 488,11 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар бүгінгі Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,01 теңге болса, еуро - 530,09.
Kurs.kz мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487-492 теңге аралығында саудалануда.
Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 487 теңге, сатып алу құны - 492 теңге. Еуро сатып алу құны - 527 теңге, сату құны - 533 теңге.
Алматы қаласы бойынша доллар бағамы 489-490, еуро 530-533 аралығында саудаланып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!