Синоптиктер 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде түнде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, алматы облысында ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.