Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде 55 жасқа толған қанша кенші арнаулы төлем алып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Былтыр Мемлекет басшысының жолдауында қарастырылып, өздеріңіздің тараптарыңыздан қолдау тапқан, қауіпті жұмыс орындардағы қызметкерлердің арнаулы жәрдемақысы жыл басынан бері төленіп жатыр. Бүгінде оны алушылардың саны 7 140 адамға жетіп, ол мақсатқа 1,2 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр", - деді Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында.
Еске салайық, былтыр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова 2024 жылғы қаңтардан бастап 55 жасқа толған кеншілерге арнаулы төлем берілетінін айтқан еді. Оның орташа сомасы - шамамен 208 мың теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!