Бүгін Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

10 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын министрлер үшін үшінші отырыс болмақ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!