10 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгінгі отырыс премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын министрлер үшін үшінші отырыс болмақ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова