Әнші Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін Зәкеңнің өмірден озған күні, топырағыңыз торқа болсын, 11 қарашада түнгі 11.30-да Әсет Бейсеуов марқұмның осы әнін рояльда сүйемелдеп айтшы деп өтінгеніңізде, соңғы рет тыңдап отырғаныңызды сезбедім", - дейді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің көңіліне демеу болып, жылы лебіздерін айтқан.
Қазағым деп соққан жүрегінің сүйіктісі болдың,сол үшін бақыттысың. Закеңнің жатқан жері жайлы болсын", "Дүниеге бірақ рет келетін азамат қой, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!", "Жаны жəннатта, иманы жолдас, топырағы торқа болсын!", - деп жазды олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз